Ваша заявка получена, мы свяжемся с Вами в ближайшее время!
Мы гарантируем сохранность Ваших личных данных.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге ашық (жария) оферта шарты
Алматы қ. 2026 жылғы «06» сәуір
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы жария оферта жеке тұлғаларға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 және 395-баптарының тәртібімен ақылы медициналық қызмет алғысы келетін олардың заңды өкілдері - Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 134 мекенжайында орналасқан «Альмира Бьюти» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Пациенттеріне («Al–Clinic» пластикалық және лазерлік хирургия орталығы) (бұдан әрі - Орындаушы) арналған.
1.2. Оферта акцепті Пациенттің осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға тең екенін білдіреді.
1.3. Осы офертада аталған шарттар «Al-Clinic» пластикалық және лазерлік хирургия орталығында ақылы медициналық қызметтер көрсетудің жария шартының талаптарын құрайды.
1.4. Бұдан әрі Орындаушы деп аталатын «Альмира Бьюти» ЖШС Жарғы мен медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде әрекет ететін директор А. А. Ашимова (24.01.2014 ж. ГЛ №14000846 ) кез келген жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтарымен, шетел азаматтарымен және осы оферта шарттарында одан әрі Пациент деп аталатын азаматтығы жоқ адамдармен
ақылы медициналық қызметтер көрсетуге шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасуға ниет білдіреді.
1.5. Осы Офертаның қолданылу мерзімі 2026 жылғы «06» сәуірден бастап 5 (бес) жылға белгіленеді.
1.6. Осы Шарт Жария оферта шарты болып табылады және ақылы медициналық қызметтер көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды. Осы Жария оферта шартының талаптарын қабылдай отырып, Пациент төмендегілерді растайды және кепілдік береді:
- Жария оферта шартының талаптарымен, қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен, оның ішінде медициналық араласуды жүзеге асыру шарттарымен таныстым және келісемін;
1.7. Осы Шарттың талаптары барлық Пациент үшін бірдей.
1.8. Осы Шарттың талаптарын толық және сөзсіз акцептінің (қабылдаудың) куәлігі, сондай-ақ Пациенттің Шарт талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруы шарт жасалған күн болып табылады, атап айтқанда:
1. Пациенттің Қызмет көрсетуге, оның ішінде инвазиялық араласулар кезінде ақпараттандырылған ерікті келісімге қол қоюы;
2. Пациенттің жинауға, сақтауға, өңдеуге және дербес деректерді пайдалануға келісуге қол қоюы;
3. Пациенттің Орындаушының қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асыруы;
4. Орындаушының қызметкері – дәрігерге қабылдауға жазылуы;
5. Пациенттің Шартты орындау жөніндегі кез келген өзге әрекеті.
2. Шарт мәні
2.1. Жеке тұлғаларға ақылы медициналық қызметтер көрсету шартын жасасуға арналған осы жария оферта бойынша Орындаушы Медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған мемлекеттік лицензияларға және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің қызмет бейіні бойынша Пациентке ақылы медициналық қызметтер көрсетуге міндеттенеді (бұдан әрі мәтін бойынша – медициналық қызметтер), ал Пациент көрсетілетін қызметтердің құнын уақтылы төлеуге, медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін Орындаушы дәрігерлерінің талаптары мен ұсыныстарын орындауға міндеттенеді. Пациентке көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі мен құны қызмет көрсету сәтінде қолданылатын Орындаушының бағатізбесімен белгіленеді.
2.2. Көрсетілетін медициналық көмек, оның тиімділігі, пайдаланылатын медициналық бұйымдар туралы ақпарат, Қызмет көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлері туралы, олардың кәсіптік білімі мен біліктілік деңгейі туралы мәліметтер Орындаушының ресми сайтында: https://al-clinic.kz. орналастырылған.
2.3. Медициналық қызмет көрсету орны: Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 134, Самал-2 ықш. 16-үй, 1-офис.
2.4. Пациент орындаушы жүргізетін процедуралар әсерге қол жеткізуге толық кепілдік бере алмайтындығымен келіседі, өйткені қызметтер көрсету кезінде және одан кейін жақын арада және біршама уақыт өткен уақытта да әртүрлі асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ, организмнің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын медициналық көмек технологиясы жанама әсерлер мен асқынулардың пайда болу ықтималдығын толығымен жоққа шығара алмайды.
2.5. Пациентке Орындаушының медициналық персоналының нұсқауларын (ұсынымдарын) сақтамау көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын төмендетуі, оны мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі немесе денсаулық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабарланады.
2.6. Пациент медициналық персоналдың нұсқамаларын, ұсынымдарын және тағайындауларын бұзған жағдайда, егер медициналық қызмет көрсетуді тоқтату Пациенттің өміріне қауіп төндірмесе, Орындаушы осы бұзушылықтар анықталған сәттен бастап осы шарттан бас тартуға құқылы. Бұл ретте нақты көрсетілген қызметтердің құны қайтарылмайды, ал Орындаушы Пациенттің денсаулық жағдайының ықтимал нашарлағанына жауапты болмайды.
2.7. Әрбір инвазивті араласудың алдында Пациент оның мәтінін алдын ала зерделеп, ақпараттандырылған келісімге қол қоюға міндетті.
3. Төлем
3.1. Қызметтерге ақы төлеу маман бастапқы/қайта қабылдардың алдында кассада қызмет көрсетілген күні толық көлемде жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де есеп айырысуға болады.
3.2. Пациентке көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің құны Пациент өтініш берген сәтте қолданылып жүрген Орындаушы бекіткен ақылы медициналық қызметтердің Бағатізбесіне сәйкес айқындалады.
3.3. Орындаушының қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана жүзеге асырылады.
4. Орындаушының құқықтары мен міндеттері
4.1. Медициналық қызмет көрсету кезінде Орындаушы:
4.1.1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасына, Орындаушыда бар лицензияларға, медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес және медициналық көмек стандарттарының негізінде медициналық қызмет көрсетуге;
4.1.2. Пациентке осы Шарт бойынша Медициналық қызметтер көрсету кезеңінде қолданылатын бағалар Бағатізбесімен танысуға мүмкіндік беруге;
4.1.3. Пациенттің қызмет көрсету нәтижелеріне қанағаттануының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға. Тексеру нәтижелері, қорытындылар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттық түрде ресімделсін.
4.1.4. Дәрігерлік құпия және дербес деректер туралы заңнаманың талаптарына сәйкес Пациенттің денсаулық жағдайы туралы медициналық қызметке жүгінген кезде құпиялылық режимін қамтамасыз етуге;
4.1.5. Пациент осы Шарттың 3-бөлімінде айқындалған тәртіппен ақшалай қаражат енгізгеннен кейін және төлемді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін осы Шартқа сәйкес заманауи әдістерді пайдалана отырып, медициналық қызметтерді сапалы, толық көлемде көрсетуге міндетті;
4.2. Медициналық қызмет көрсету кезінде Орындаушының төмендегілерге құқығы бар:
4.2.1. Қажетті медициналық қызметтердің көлемін дербес анықтауға.
4.2.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға.
4.2.3. Пациент медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қызмет көрсетуге кіріспеуге;
4.2.4. Қызмет көрсетілуінен бас тартуға:
- Пациентте рәсімді жүргізуге қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайларда;
- Пациент Орындаушының ұсынымдарын сақтамаған жағдайда;
- Пациент нақты қызмет түрлерін көрсету кезінде қажетті құжаттарды ресімдеуден/қол қоюдан бас тартқан жағдайда (медициналық араласуға ерікті түрде ақпараттандырылған келісім және т. б.);
4.2.5. Пациенттердің дербес деректерін сақтау және өңдеу, өз қалауы бойынша иесіздендірілген түрде пайдалануға.
5. Пациенттің құқықтары мен міндеттемелері
5.1. Пациент:
5.1.1. Жұмыс тәртібі мен режимін анықтайтын «Al-Сlinic» пластикалық және лазерлік хирургия орталығында белгіленген ережелерді сақтауға;
5.1.2. Емдеуші дәрігердің медициналық нұсқамаларын, тағайындаулары мен ұсынымдарын уақтылы және дәл орындауға;
5.1.3. Осы Шарттың қолданылу барысында емшілерден, дәстүрлі емес медицина дәрігерлерінен, сондай-ақ басқа медициналық ұйымдардың дәрігерлерінен өз іс-әрекеттерін емдеуші дәрігермен алдын ала келіспей, өзін-өзі емдеумен айналыспауға, ұсынымдарды орындамауға және ем алмауға;
5.1.4. Медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа адамдарға құрметпен қарауға, сондай-ақ басқа Пациенттердің құқықтарын құрметтеуге;
5.1.5. Осы Шарт бойынша ақылы медициналық қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен танысуға;
5.1.6. Медициналық қызметтердің құнын Орындаушы бекіткен баға бағатізбесіне сәйкес осы Шарттың 3-бөлімінде айқындалған тәртіппен және тек касса арқылы көрсету басталғанға дейін төлеуге;
5.1.7. Медициналық көмек көрсететін тұлғаға медициналық қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ететін қажетті және дұрыс ақпаратты ұсынуға міндеттеме алады;
5.1.8. Өз денсаулығы туралы ақпаратты жасырса немесе толық айтпаса Орындаушы емдеу нәтижесіне жауапты болмайды;
5.2. Пациент:
5.2.1. Орындаушы қызметкерлерінің ішінен емдеуші дәрігерді таңдауға;
5.2.2. Орындаушыдан қажетті медициналық ақпаратты және денсаулық жағдайы туралы растайтын құжаттарды алуға;
5.2.3. Егер бұрын ұсынылған түсініктемелер оған түсініксіз болса, Орындаушыдан өзінің денсаулық жағдайына, диагностика мен емдеудің ұсынылған әдістеріне қатысты қосымша түсініктеме алуға;
5.2.4. Емдеуші дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс тәжірибесі және біліктілік деңгейі туралы ақпарат алуға;
5.2.5. Заңнамалық актілерге сәйкес медициналық араласуға ерікті түрде ақпараттандырылған келісімге;
5.2.6. Орындаушының лауазымды адамдарына, сондай-ақ бақылаушы және/немесе қадағалаушы органдарға немесе сотқа шағыммен жүгінуге құқылы;
5.2.7. Пациенттің медициналық көмекке жүгінген және алған кезде өзі беретін мәліметтердің, сондай-ақ дәрігерлік құпияны құрайтын өзге де ақпараттың құпиялылығына құқығы медицина қызметкерлері мен өзге де адамдардың оны жария еткені үшін жауаптылығын туғызады;
6. Құпиялылық
6.1. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңының 7, 8-баптарына сәйкес Осы Шартты орындау мақсатында Пациент Орындаушыға өзінің дербес деректерін (оның ішінде: аты-жөні, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері және т. б.) және Орындаушы көрсететін қызметтерді алу мақсатында Орындаушы персоналының өзінің дербес деректерін, сондай-ақ пациенттің денсаулық жағдайына қатысты арнайы дербес деректерді өңдеуге өз келісімін береді. Көрсетілген келісім Пациенттің дербес деректеріне қатысты жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін қажетті кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға, соның ішінде шектеусіз: жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес деректермен кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі.
6.2. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындау кезінде екінші Тараптан алынған кез келген ақпаратты құпия сақтау жөнінде өзара міндеттемелерді қабылдайды.
6.3. Осы Шарттың ережелері, қосымша келісімдер және оның қосымшалары, оның орындалуына байланысты құжаттама мен ақпарат құпия болып табылады.
6.4. Тараптар Шарт негізінде алынғанға дейін оны алған Тарапқа белгілі болған ақпаратты қоспағанда, Қызмет көрсетуге қатыспайтын үшінші тұлғаларға жария етпеуге және Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан өзге мақсаттарда пайдаланбауға, сондай-ақ Шартқа сәйкес немесе оған қатысты басқа Тараптан алынған кез келген ақпаратты оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз қолданбауға міндеттенеді;
6.5. Ақпаратты үшінші тұлғаларға беру не осы Шартта құпия деп танылған ақпаратты өзге де жария ету екінші Тараптың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана (заңнамаға сәйкес мұндай келісімді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда) жүргізілуі мүмкін.
6.6. Пациенттің/Тапсырыс берушінің дербес деректерді өңдеуге келісімі
6.6.1. Пациент осы Шарттың талаптарын қабылдай отырып, оның талаптарын қабылдайды және Орындаушыға өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді;
6.6.2. Пациент осы Шарттың қабылдай отырып, Орындаушының аумағында аудио, фото және бейнетүсірілімге келіседі;
6.6.3. Мен медициналық қызмет көрсетуге арналған Жария шарттың талаптарымен таныстым және қабылдаймын. Ақылы медициналық қызметтерге ақы төлеу арқылы Орындаушының сайтында: https://al-clinic.kz орналастырылған ақылы медициналық қызметтер көрсетуге Жария шартын жасасқанымды растаймын
7. Жауапкершілік
7.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7.2. Орындаушы Пациенттің осы Шарттың талаптарын бұзуына себеп болған осы шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жауаптылықтан босатылады.
7.3. Пациент өзінің денсаулығы туралы толық ақпарат бермегенде не медициналық айғақтардан туындаған жағдайларда, Орындаушы медициналық қызметтер көрсету сапасы үшін жауапты болмайды.
7.4. Орындаушы Пациенттің денсаулығына келтірілген зиян үшін немесе жоғарыда аталған оқиғалар Пациенттің медициналық нұсқамаларды бұзуы салдарынан болған жағдайда оның сауығу фактісінің болмауы үшін жауапты болмайды.
7.5. Пациент Орындаушының медициналық персоналының ұсынымдары мен талаптарын орындамаған жағдайда, соңғысы осы Шартты біржақты соттан тыс тәртіппен бұзуға құқылы.
7.6. Осы Шарт бойынша оның құқықтары бұзылды деп есептейтін Тарап екінші Тарапқа өзінің талаптарын баяндай отырып хат жіберуге құқылы. Шағым алған Тарап оған Заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге міндетті.
7.7. Орындаушы төмендегідей жағдайларда көрсетілетін қызметтердің нәтижесі үшін жауапты болмайды:
- Пациенттің емделу жөніндегі ұсынымдарды сақтамауы және Пациенттің денсаулығын нашарлатуға бағытталған өзге де іс-әрекеттерді жасауына;
- қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бұрын байқалмаған аллергияның немесе төзімсіздіктің пайда болуына;
- Орындаушы қызмет көрсеткеннен кейін үшінші тұлғалардың медициналық араласуына;
- егер Пациентке бұл жағдайда іс жүзінде көрсетілетін медициналық қызметтер тиімсіз болуы мүмкін екендігі туралы ескертілсе, Пациенттің емдеуді жалғастырудан ақпараттандырылған бас тартуына;
- осындай дәрілік заттар мен препараттарды дайындаушы оларға аннотацияда олардың пайда болу мүмкіндігін көрсеткен дәрілік заттар мен препараттарды қолданудың жанама әсерлерінің басталуына;
- Егер көрсетілген медициналық қызметтің тиімсіздігі немесе келтірілген зиян дәрігердің мұндай ақпараттың болмауының салдары болса, Пациент дәрігерге өткен аурулар, аллергиялық реакциялар, қарсы көрсетілімдер туралы хабарлау жөніндегі міндеттерді орындамаса.
7.8. Егер бұл орындамау еңсерілмейтін күштің немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлардың (табиғи апаттар, індеттер, әскери іс-қимылдар, ереуілдер, уәкілетті органдардың тиісті шешімдер қабылдауы және т.б.) салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
7.9. Медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 80-1, 434, 441-баптарына және ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-баптарына сәйкес айыппұл санкциялары мен жауаптылығы көзделген.
7.10. Орындаушының мүлкіне залал келтірілген жағдайда Пациент келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
7.11. Басқа жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8. Шарт талаптарын өзгерту
8.1. Осы Шарттың талаптарын Орындаушы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттағы өзгерістер Интернетте Орындаушының сайтында, сондай-ақ Орындаушының ресепшеніндегі қағаз тасымалдағышта жарияланады. Өзгерістер олар жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Редакцияларды әр түрлі оқыған кезде Орындаушының ресепшеніндегі редакция басымдыққа ие болады.
9. Шарттың қолданылу мерзімі.
9.1. Осы жария оферта шарты ол жария орналастырылған күннен бастап күшіне енеді және 2031 жылғы 05 сәуірге дейін, атап айтқанда Тараптар өз міндеттемелерін орындаған немесе шартты бұзған сәтке дейін қолданылады.
10. Даулар мен жанжалды жағдайларды шешу тәртібі
10.1. Пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда, ол (оның заңды өкілі) ресепшн арқылы берілетін және Орындаушы басшысының қарауына берілетін жазбаша түрде шағым-талаппен (шағыммен) жүгіне алады.
10.2. Шағым-талап (шағым) заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Шағым-талапқа (шағымға) жауап Пациентке жазбаша түрде өзі көрсеткен мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі не Пациенттің қалауы бойынша оған келісілген уақытта жеке өзіне тапсырылуы немесе ауызша түрде түсіндірілуі мүмкін.
10.3. Тараптар осы Шарт бойынша туындаған барлық дауларды тараптардың және/немесе олардың өкілдерінің келіссөздері, сондай-ақ медиация рәсімі арқылы шешуге міндеттенеді. Осы Шартты орындау аясында тараптар реттемеген барлық даулар ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
11. Форс-мажор
11.1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл шарт жасалғаннан кейін тарап болжай алмайтын немесе алдын ала алмайтын төтенше сипаттағы жағдайлар салдарынан туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға мыналар кіруі мүмкін, бірақ тек бұлар ғана емес: соғыс, әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар, су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, індеттер, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері.
11.2. Форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан Шарт талаптары орындалмағаны үшін болса Тараптар жауапты болмайды.
11.3. Егер Шартты орындау барысындағы кідіріс форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан болса, Орындаушы оның талаптарын орындамауына байланысты шартты бұзғаны үшін жауапты болмайды.
11.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Орындаушы Пациентке осындай жағдайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс.
12. Басқа шарттар
12.1. Оферта шарттарына қайшы келмей, Пациент пен Орындаушы кез келген уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартты жазбаша екі жақты құжат түрінде ресімдеуге құқылы.
12.2. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қағаз және электрондық түрде жасалуы мүмкін. Шартқа заңды күші бар электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қоюға болады.
13. Қорытынды ережелер
13.1. Осы Шарт Пациенттің Орындаушының жария офертасын акцептеу жолымен жасалды және Тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін әрекет етеді. Орындаушы Оферта шарттарына өзгерістер енгізу немесе Оферта күшіне енгенге немесе оферта кері қайтарылғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Пациентті міндетті түрде хабардар еткен кезде өз қалауы бойынша кез келген сәтте офертаны кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.
13.2. Пациент офертаға өзгерістер енгізу осы өзгерістерді Тараптар арасында жасалған және қолданыста болатын Шартқа енгізуге әкеп соғатынын келіседі және мойындайды және Шартқа бұл өзгерістер офертадағы осындай өзгерістер күшіне енген кезде бір мезгілде күшіне енеді. Осымен Пациент шарт жасасу үшін қажетті барлық заңды құқықтары мен өкілеттіктері бар екенін растайды.
13.3. Шартқа (жария офертаға) өзгерістер енгізілгеннен кейін Пациенттің қызметтерді ресімдеуін Орындаушы мен Пациент сөзсіз енгізілген өзгерістермен келісім ретінде түсінеді.